Атырауда 5 жастағы егіз қыз тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті.
Оқиға қаладағы Нұрсая шағын ауданында болған. Қазір егіздер ауруханада жатыр. Жағдайы белгісіз. Өйткені ата-анасы ақпарат беруге қарсы.
Жалпы бұл биыл тіркеліп отырған екінші жағдай. Ал өткен жылы терезеден құлап 2 бала көз жұмып, 3 бүлдіршін жарақат алған. Олардың да арасында егіздер бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда егіздер үшінші қабаттан құлап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160553/)