Парижде Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы ең сұмдық теракті үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды. 20 адамның бәріне кінәлі деген үкім шықты. Солардың ішінде тірі қалған жалғыз айыпталушы – 32 жастағы Салех Абдеслам өмір-бақи түрме жазасына кесілді.
2015 жылы қарашаның 13-де лаңкестің шабуылдан Францияда 130 адам мерт болып, 350-і жараланған. Ал осы іске қатысты ауқымды сот 2021 жылы қыркүйекте басталды. Сол процесс барысында миллион беттен астам дәлел келтіріліп, 2,5 мың адам тыңдалып, 300-дей адвокат сөз сөйлеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Францияда теракт үшін айыпталғандарға қатысты сот аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160557/)