Атырауда мұнай өнімдерін заңсыз иемденіп, пайда табумен айналысқан серіктестік басшысы сотталды. Ол өңірге қарасты Жылыой ауданы аумағынан растау құжатынсыз бас-аяғы 6 мың тоннадан астам дизель отынын сатып алып, оны көршілес Маңғыстау облысына бірнеше рет заңсыз тасымалдаған. Сөйтіп, 1 млрд 700 млн теңгеден аса көлеңкелі жолмен ақша тапқан.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтаған қылмыстық істің бас фигурантына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілігіп шартты жазасы бір жылға қысқарды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда мұнай өнімдерін заңсыз иемденіп, дизель отынын заңсыз сатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160564/)