Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры гастрольдік іс-сапармен Алматыға келді. Өнер ұжымы «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасын көрерменге ұсынды.
«Ер Едіге» тарихи драмасы – қазақ тарихындағы ең жарқын кезең Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған тұңғыш қойылым. Едіге - қайсар мінезді қолбасшы, Алтын Орданың соңғы әміршісі. Оның есімі - ел аузында жатталып, елдік мүддені сақтап қалудағы батылдықтың үлгісі іспетті, дейді режиссер.
Данияр Базарқұлов, қоюшы режиссер:
Филармония және драма театрды біріктірдік. Бұл жерде хор әртістері бар. Және «Арайлы Ақтөбе» ансамблі бар. Барлығының қатысуымен этно-фольклорлық тарихи драма деген жанрға келдік.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы көрерменге ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160686/)