Испанияның оңтүстік-шығысындағы Коста Брава курортынан жүздеген турист эвакуацияланды.
Себебі орман өрті қалаға жақындап қалған. Жалын 70 гектар аумақты күлге айналдырды. Құтқарушылар 350-дей саяхатшыны тікұшақтармен қауіпсіз жерге көшірген.
Қазір от шарпыған аумақта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда орман өртінен жүздеген турист эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160688/)