Қызылорда облысы, Арал ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған екі тұрғын ұсталды. Полиция күдіктілерді «Шымкент-Самар» тасжолында қолға түсірген. Жол ережесін бұзған «Фольксваген» автокөлігін тоқтатқан инспекторларға жүргізуші мен жолаушының іс-әрекеті күмән туғызған. Заңға сәйкес хаттама толтырып, көлікті жіті тексеру барысында қапқа салынған жасыл шөп ұнтақтары табылған. Сараптама нәтижесімен 4 келіден аса кептірілген «марихуана» екені анықталды. Екі күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына қамалып, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арал ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған екі тұрғын ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160748/)