Еліміздің әскери гарнизондарында 825 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған бөлімдерінде заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау бойынша соталды тергеу басталды. 8 қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұны бас әскери прокуратура хабарлады. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізеді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланған жоқ.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің әскери гарнизондарында 825 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160771/)