Дания астанасы Копенгагендегі сауда орталығында ер адам оқ жаудырып, 3 тұрғынды мерт қылды. Тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғадан кейін 22 жастағы азамат тұтқындалды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, күдіктінің әрекетіне «терроризм актісі» деген сипаттама берілуі мүмкін. Ұсталған адамнан винтовка мен оқ-дәрі тәркіленді. Және де тәртіп сақшылары оны «этникалық дат ұлтының» өкілі деп атады. Оның бұл шабуылды неліктен жасағаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Фрида Кононен, студент:
Мен үшін атыстан кейін ес жию қиын болды. Әлі сене алар емеспін. Бірінші рет мұндай оқиғаға куә болдым. Көңілім жабырқаулы. Қаншама адамның өмірі қиылды
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Данияда қарулы жігіт 3 тұрғынды атып өлтірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160773/)