Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақтылы қабылданды деп есептейді. Бүгін мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды, сәтті өткізуіне тілектестік білдірді. Және бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, маңызды қадам болатынын атап өтті. Сонымен қатар әңгіме барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселе талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ-өзбек байланысы: Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев телефонмен сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160775/)