Шымкентте 6 жасар бала бассейінге батып кетті.
Қайғылы оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауылында болған. Демалыс орнына ата-анасымен барған жеткіншек бір сәтке қараусыз қалған. Сол аралықта бала суға құлап кетіп, көз жұмды. Қазір осы жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мамандар тұрғындарды су айдындарында балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160815/)