Бүгін бас қаланың туған күніне орай «Елорда-Кітап тайм» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараны Ұлттық академиялық кітапхана мен қалалық әкімдік бірлесіп ұйымдастырды. Көрме-жәрмеңке аясында отандық баспалармен қатар, Иран елшілігінің де кітаптары сөреге қойылды. Сондай-ақ суретшілер мен қолөнер шеберлерінің өнімдері көрмеге шығарылды. Ашық аспан астында өткен шараға суретшілер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Сейдахмет Құттықадам, қоғам қайраткері:
Кітапты дәріптеген өте жақсы. Осы біздің азаматтар, әсіресе жастар кітап оқыса олар тек білімді болмайды, қосымша басқа нәрселерді - рухани нәрселерді, мәдениетті үйренер еді. Сондықтан орны бөлек, менің ойымша өте керек нәрсе бұл.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда күніне орай «Елорда-Кітап тайм» кітап көрмесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160821/)