Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер әлі күнге дейін табылып жатыр. Оны жедел іздестіру жұмыстары кезінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері анықтаған.
Оқ-дәрілер Байзақ батыр көшесі маңынан табылған. Полицейлер жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан полиэтилен пакет жасырылғанын байқап қалған. Ішінен 4 жарылғыш граната, «Калашников» автоматының 60 патроны шықты. Сондай ақ, «Макаров» тапаншасының 8 және травматикалық қарудың 16 оғы тәркіленді. Оқ-дәрілердің қаңтардағы бүлік кезінде облыстық полиция департаментінен ұрланғаны белгілі болды. Арнайы сараптама тағайындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда қаңтарда қолды болған оқ-дәрілер табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160828/)