Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауындағы өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске салайық, шілденің 5-не қараған түні 4 демалыс орны өртеніп, 17 база күлге айналған. Жалын жалпы аумағы 3 мың шаршы метр жерді шарпыды. 7 адам жеңіл жарақат алған. Осы оқиғадан соң, өрттің шығу себебін анықтау үшін, жедел штаб құрылған. Енді қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру басталды. Ал Алакөлдің шығыс жағында бүгінге дейін, 300-ге жуық туристік нысан салынған. Олардың да өрт қауіпсіздігі тексерілуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алакөлдегі өрт: Сотқа дейінгі тергеу басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160857/)