Алматы облысындағы Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады. «Бұған басты себеп - ата-аналардың жауапсыздығы»,-дейді құтқарушылар. Өңірде күн ысығалы бері, суға түсетіндер күрт көбейген. Күн сайын 4-10 жас аралығындағы 5-6 баладан жоғалып жатады. Олар көп жағдайда табылады. Дегенмен, құтқарушылар қайғылы оқиғаны болдырмас үшін, ата-аналарға барынша сақ болып, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр. Еске салайық, 10 күн бұрын Қапшағай су қоймасында бір үйдің төрт бірдей адамы суға кеткен. Олардың арасында 2 бала бар.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қапшағай жағажайында демалыс күндері 40-қа жуық бала жоғалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160858/)