Маймыл шешегі балалардан табыла бастады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Вирус 10 жасқа толмаған жеткіншектерден анықталып отыр. Індеттің 18-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тарауы да, әлі зерттелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 58 елінде 6 мыңдай адамнан табылды. Науқастардың 80 пайызы - Еуропа тұрғындары.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ДДСҰ мәлімдемесі: Маймыл шешегі балаларға жұға бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160861/)