Мұнай тасымалдау ісін әртараптандыру маңызды. Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін арттыруға арналған жиында осылай деді. «Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент көлік-логистика саласының ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Дегенмен, геосаяси жағдай мен санкциялық текетірес дәстүрлі көлік-логистика желісін өзгеріске ұшыратты. Еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту мақсатында балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту туралы да айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160869/)