Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды. Індетке ең көп шалдыққандар - Алматы қаласында. Шаһарда 191 адамнан вирус анықталған. Нұр-Сұлтанда 36, Шымкентте 28 науқас тіркелді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының әрқайсысында 12, Ақмола облысында 11 адамнан вирус табылды. Жалпы, пандемия басталғалы, елімізде 1 млн 308 мың 207 адам коронавирусқа шалдықты. Індеттің таралуы бойынша қазір Алматы қаласы «сары» аймақта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Эпидахуал: Елімізде 330 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160871/)