Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар «рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі» бойынша айыпталып отыр. 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Пак қайтыс болған. 2020 жылдың 7 желтоқсанында агенттік күдіктінің әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты, толық ақталғанын хабарлаған. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тергеу ісі: Рұқсат етілмеген әдісті қолданған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160872/)