Атырауда коронавирустан ауруханаға түскен 21 науқастың 9-ы бала. Қатерлі дертпен күресіп жатқандардың арасында 3 жүкті әйел де бар. Ал үй жағдайында 35 адам емделуде.
Соңғы екі аптада өңірде індет қайта күш алды. Бүгін тағы 9 адамнан инфекция анықталды. Бәрі қала тұрғындары. Мамандар ковидпен күрестің тиімді жолы екпе екенін айтады. Облыста бас-аяғы 92 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті. Ал 260 мыңға жуығы дәрілік препараттардың ІІ компонентін қабылдады.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда ковид жұқтырғандар саны 21-ге жетті: тоғызы – бала&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160888/)