![Астанада Қытай өнерпаздарының концерті өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77558.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы мәдени күндері аясында гала-концерт өтті.
Астаналықтардың назарына Қытайдың ұлттық театрында ғана көруге болатын бірегей туындылар ұсынылды.
Салтанатты шараға қытайдың Ву На, Дун Фэй, Гоу Чаньчань, Мұралай Беймұрат сынды танымал әртістері қатысты.
Сондай-ақ, концертте Қытайдың Орталық халықтық ән мен би ансамблі мен Тайюань қаласы цирк өнерінің труппасы да көрерменге шоу көрсетті.
Лаура БЕКЖІГІТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қытай өнерпаздарының концерті өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16091/)