Ертең мұсылман қауымының ұлық мейрамы - Құрбан айт. Діни мереке үш күнге жалғасады. Азаматтар биыл құрбандықты екі әдіспен шала алады: оффлайн емесе qurban2022.кз сайты арқылы онлайн. Бас мүфти кей аймақтарда эпид ахуалдың нашарлауына байланысты, тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.
Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
«Сары» аймаққа өткен өңірлер бар ол жерлерде барынша сақтық шараларын күшейту керек. Арақашықтық бар, барынша санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың берген талаптарына қатаң назарға алу керек талаптарын және соны сақтау керек.
Данияр Асылбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең мұсылман қауымының ұлық мейрамы - Құрбан айт&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160987/)