Қазақстанда тағы 334 адам коронавирус жұқтырды. Бұл жайында денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Жалпы, пандемия басталғалы елде 1 млн 309 мыңға жуық тұрғын ковидпен ауырған. Мамандар әдеткі сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырады. Соңғы дерек бойынша 2 млн 200 мың адам инфекцияға қарсы ревакциналанған. Жалпы бүгінге дейін үшінші рет екпе алғандар саны 4 млн 850 мыңға жетті. Эпидахуалға байланысты Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Нұр-Сұлтан да соған жақын тұр, - дейді ведомствоаралық комиссия. Ал, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда тағы 334 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160993/)