Ақмола облысында балабақшаларда таңғы асқа ыстық тамақ берілмеген. Прокуратура жүргізген тексеріс барысында осындай олқылық анықталды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерге азық-түлік қажетті көлемде жеткізілмей, тіпті кейбір тағам түрлері ас мәзірінде болмаған. Бас-аяғы 50 бала-бақшада санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды. Олардың қатарында мемлекеттік те, жеке меншік те мекемелер бар. Бұл балабақшаларда 20 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында балабақшаларда таңғы асқа ыстық тамақ берілмеген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/160995/)