![«Ұлытау - ұлы мекенім» атты мәдени форум өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77564.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлытауда «Ұлытау - ұлы мекенім» атты мәдениет және ғылым салаларындағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен халықаралық форум өтті.
Мәдени форум аясында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Башқұртстан, Саха, Түркия сынды 7 мемлекеттің өкілдері қатысты.
Мәдениет және ғылым салаларындағы зиялы қауым өкілдері форум аясында Ұлытаудағы Жошыхан, Алашахан кесенелері мен «Хан ордасына», Әлиетау етегіндегі Ембұлаққа барып тәу етті.
Сондай-ақ, ұлытаулықтар назарына «Ұлы дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі ұсынылды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлытау - ұлы мекенім» атты мәдени форум өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16102/)