Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жеңіске жетті. Отандасымыз финалда Тунис спортшысы, халықаралық рейтингте екінші орында тұрған Онс Жаберді 2 сағатқа толар-толмас уақытта жеңген. Рыбакинаға сыйлықты Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон табыстады. 23 жастағы теннисші жеңісі үшін 2 млн фунт алады. Бұл – 1 млрд теңгеден артық сома. Спортшыны тарихи жеңісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады. Ол туиттердегі парақшасында «Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!» деп жазды.
Сондай-ақ түркістандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Роллан-Гарос кортында өткен ойында Франция теннисшісін ұтып, Еуропа чемпионатының финалына шықты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161040/)