Ақтау теңіз порты қазір қосымша 5,5 млн тоннаға дейін мұнай қабылдауға дайын. Бұл туралы порт өкілдері хабарлады. Соңғы бес жылда бұл порт жылына 2 млн тоннадан аса шикізат өткізген. Қара алтын Бозащы кен орнынан Махачкалаға, сол жерден «Транснефть» жүйесіне түсіп, кейін Новороссийскіге жөнелтілді. Дегенмен 8 жыл бұрын қолданыстан алып тастаған нөмірі 9-шы және 10-шы мұнай құю айлағы әлі жөнделіп бітпеген. Егер осы екі айлақ толық қуатында жұмыс істесе, мұнай тасымалын 12 млн 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Шекараны ашу-жабу, құжаттарды рәсімдеу, танкерді қабылдау секілді жұмыстарға біраз уақыт кетеді. Егер осы іске жұмсалатын уақыт азайса, шикізат тасымалын 17 млн тоннаға дейін жеткізуге болады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтау теңіз порты қазір қосымша 5,5 млн тоннаға дейін мұнай қабылдауға дайын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161074/)