Жамбылда 130 келі марихуанамен екі ер адам ұсталды. Полицейлер күдіктілерді «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтаған. Байзақ ауданының құмды аймағында 31 және 36 жастағы екі тұрғыны марихуана жинау сәтінде қолға түскен. Аумақты тінту кезінде олардан 133 келі кептірілген есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, жабайы қарасораны шабуға арналған екі орақ табылды. Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбылда 130 келі марихуанамен екі ер адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161094/)