![Елде коронавирус жұқтырған 16 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/7/12/1657609943766.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікті 500-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Індет жұқтырудың ең көп жағдайы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір ковидтан 3200-ден аса науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 16 адамның жағдайы ауыр. Сондай-ақ, Алматы қаласы өңірлердегі эпид ахуалды бағалау матрицасының «қызыл» аймағына жақындап қалды. Қалған аймақтарда ахуал тұрақты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде коронавирус жұқтырған 16 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161097/)