Алматыда синтетикалық есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатқан екі күдікті ұсталды.
Жасырын ірі зертхананың көзі жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Алматы қаласы мен маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекУрсор мен зертханалық жабдық тәркіленген. Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.
Аталған фактіге байланысты тергеу басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161136/)