Оралда 4 бүлдіршін астан ұшынды деген күдікпен облыстық инфекциялық ауруханаға түсті. Балардың ең кішісі 1 жас үш айда болса, үлкені он жаста.
Балаларға алдын-ала гастроэнтероколит яғни ағзадағы ас қорыту жүйесінің бұзылуы деген диагноз қойылды. Ата-аналардың айтуынша, балалар бір күн бұрын қарбыз жеген. Алайда ең кішкентайы қарбыз жемеген. Сондықтан дәрігерлер балалардың бәрінен қажетті анализдерді алды.
Бүлдіршіндердің неден ұшынғаны сол талдау қорытындысынан соң нақты анықталмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда 4 бала астан ұшынып ауруханаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161140/)