Аргентинада қалың қар жауып, елді Чилимен байланыстыратын жолда боран соқты. Соның салдарынан көліктер қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар бірнеше адамды аман-есен діттеген жерлеріне жеткізді. Ал Чилиде таулы аймақта қалып қойған жүзден астам турист қауіпсіз жерге көшірілген. Айта кетсек, аймақта қар жауатыны туралы алдын-ала хабарланған. Соған қарамастан жол не себепті жабылмағанына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аргентинада қар құрсауында қалғандар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161142/)