Ұлыбританияда премьер-министрлікке үміткерлердің тізімі белгілі болды. Бұл лауазым үшін 8 кандидат бақ сынаспақ. Олардың арасында сыртқы істер министрі Лиз Трасс, қаржы министрі Надим Захави бар. Дегенмен, букмекерлердің мәліметінше, саяси дода фавориттері - бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак пен бұрынғы қорғаныс министрі Пенни Мордонт. Дауыс берудің бірінші раунды бүгін өтпек. Бұған қоса, кандидаттардың әрқайсысы депутаттар алдында сөз сөйлейді. Жаңа премьер-министрдің есімі қыркүйектің 5-де белгілі болады. Ал экс-премьер Борис Джонсон парламенттегі дауға байланысты отставкаға кеткені белгілі.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбританияда премьер-министрлікке үміткерлердің тізімі белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161143/)