Шымкентте жалған деректер негізінде мемлекет қаржысын иеленген азамат сотталды. Мегаполис тұрғыны 2020 жылы әкімдікке асыл тұқымды қой сатып алуға және оның жем-шөбі шығындарын өтеу үшін 13,5 миллилион теңге қаржы бөлуді сұрап, өтінім берген. Алайда, осы істі тергеп-тексеру кезінде асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны және бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Заң талаптарына байланысты мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сот үкімімен қазына қаржысын иемденгісі келген азамат 5 жылға шартты жазаға тартылды.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 13,5 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған азамат сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161149/)