![Талдықорғанда «Тараз - ғасырлар куәсі» атты көрме ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77573.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Талдықорғанда Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды. Мәдени байланыстың алғашқы күнінде «Тараз-ғасырлар куәсі» атты облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесін жұрт назарына ұсынды. Шара аясында облыстық қазақ және орыс драма театрлары бірнеше қойылымдарды сахнаға шығарады. Сондай-ақ, Әулиеата жерінен келген зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар талдықорғандық оқырмандармен жүздеседі. Жамбылдық өнер майталмандары мен сахна саңлақтары Жетісу жерінде 2-ші қазанда гала-концерт ұйымдастырып, рухани сапарын қорытындылайды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Талдықорғанда «Тараз - ғасырлар куәсі» атты көрме ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16118/)