Тасқын су Павлодар облысындағы Баянауыл мен Май аудандары, Екібастұз қаласы бағытындағы күре жолдардың біраз бөлігін шайып кетті. Тіпті, Павлодардан 197 шақырымдағы Дегелен-Курчатов-Белогорье теміржолы қызыл судың астында қалды.
Соның салдарынан «Алматы- Павлодар» бағытындағы №31, «Астана-Лениногорск» бағытындағы №376, №67 «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» пойыздарының бағыты өзгерді. Осы жайлы толығырақ «Кешкі ақпараттан» біле аласыз.
Сонымен қатар, бүгінгі «Кешкі ақпаратта» қамтылатын жаңалықтар легі:
• Астана-Қарағанды тасжолында 11 көлік соқтығысты;
• Мемлекеттік қызметкерлер аттестация тапсырды ;
• Астана қаласындағы 15 жоғары оқу орны мен 34 колледжде өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс істейді ;
• Сенат депутаттары Мәдениет және спорт министрімен кездесті ;
• Өнертапқыштар бұрғылау станцияларында қолданатын кілттердің кейбір түрін жасап шығарды ;
Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 17:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында теміржолды су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1612/)