Президент соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Үкіметтің кеңейтілген отырсында Мемлекет басшысы білім ошақтарындағы бейнебақылау жүйесін сынға алды.
Толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында жүйе талапқа сай емес. Мұндай білім ордаларының саны 3 мыңға жетеді. Кейбірінде бейнебақылау мүлдем жұмыс істемейді. «Мен осы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы білім ошақтарындағы бейнебақылау жүйесін сынға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161204/)