Қазақстанның павильоны алтын белгімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның павильоны алтын белгімен марапатталды

14.07.2022

Мәскеудегі Қазақстан павильоны алтын белгімен марапатталды. Ол халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде орналасқан. Жүлде мәдени және ағартушылық жұмыс пен мәдени нысандарды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін берілді. Марапаттау рәсімі «Халықтар достығы» фестивалі аясында өтті. Қазақстан павильонына қызығушылық жоғары. Мұнда келушілер қазақ тілін үйреніп, тоғызқұмалақ пен шахмат жарыстарына, түрлі шеберлік сыныптарына тегін қатыса алады.

Тамара Бабақова, «Қазақстан» павильоны бас директорының орынбасары:

Біздің павильонға жай күндердің өзінде 3-4 мың адам келеді, кейде 5 мыңға дейін жетеді. Ал мереке күндері 30 мың адамнан асады. Келушілер тек экспозицияларды көріп қана қоймайды, ұлттық тағамнан дәм татып, мастер класстарға қатысады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу