Алматыда рейдерлік әрекетке барған қылмыстық топ ұсталды. Олардың мемлекеттік органдармен байланысы бары да белгілі болды. Бұл туралы қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.
Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінде Алматы облысы мен Алматы қаласында олардың рейдерлік шабуылына қатысты 4 дерек анықталды. Қазақстанның тағы 3 облысында осыған ұқсас қылмыс жасалғаны жайлы ақпар бар.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:
Топ автокөлік, қымбат жылжымайтын мүлік және тағы басқа мүліктерді алу алған, жасырысын бизнеспен белсенді айналысқан. Қазіргі уаықытта топтың белсенді мүшелері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚК 201 бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда рейдерлік әрекетке барған қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161239/)