Петропавл полицейлері қолдан спирттік ішімдік әзірлеп сатумен айналысып келген қылмыскерлерді ұстады. Тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастырып, шара барысында 7 күдіктіні анықтады. Тінту кезінде 500 литрден астам алкоголь табылған. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Нұрбек Баекин, СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Қолдан жасалған алкоголь өмірге қауіпті болуы мүмкін. Республикамызда, өңірде болсын өлімге әкелген кездер болған. Қолдан жасалған алкогольдерді анықтау жұмысы қаладағы учаскелік, тіпті мынау облыстағы учаскелік инспекторлардың бақылауында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда алкогольдік ішімдік әзірлеп сатқандар әшкере болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161248/)