Жетінші қабаттың терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбековке 3 бөлмелі пәтер берілді. Оған үйді елордадағы құрылыс компанияларының бірі арнайы табыстаған.
Сондай-ақ, жас түлекке Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім грантын табыстады. Енді ол Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқиды. Министр Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғыс білдіріп, бұл әрекеті барлық оқушыға үлгі-өнеге екенін айтты. Ал батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді.
Еске салайық, Есдәулет Дәуітбеков жетінші қабаттағы терезе алдында тұрғын баланы көрші үйдің балконынан кіріп құтқарып қалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баланы құтқарған жас түлекке пәтер берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161249/)