Шымкентте 1 жасар нәресте бассейнге батып кетті. Оқыс жағдай өткен түні Қызылжар шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. Аулада қараусыз қалған бүлдіршін суға құлап кеткен. Ата-анасы қасында болмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл шілде басталғалы Шымкентте болған екінші қайғылы жағдай. Он күн бұрын 6 жасар бала бассейнде тұншығып өлді. Осыған байланысты Төтенше жағдай департаменті қауіпсіздік талаптарын барынша сақтауға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 1 жасар нәресте бассейнге батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161251/)