Жапония үкіметі тұрғындарды коронавирустың жаңа толқыны тез тарап жатқаны туралы ескертіп, сақ болуға үндеді. Бұған қоса көпшілікті, әсіресе 20-30 жастағы азаматтарды, қосымша вакцина алуға үндеді. Елдегі әуежайлар мен теміржол станцияларына коронавирусты тексеруге арналған тегін алаңдар қойылды. Әзірге адамдардың жүріп-тұруына ешқандай шектеу енгізілмейді, шекарада бақылау күшейтілмейді. Жапония астанасында соңғы тәулікте 16 мыңнан астам адам ковид жұқтырған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда вирустың жаңа толқыны тез тарап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161254/)