![Астана театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77577.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы Қазақ музыкалық-драма театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды.
Мұндай тамаша мүмкіндікті елордалықтарға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері берді.
«Шаңырақ» деп аталатын жоғары оқу орнының театры осыдан 4 жыл бұрын құрылған еді. Бүгінде оның репертуарында 20-ға жуық қойылым бар.
Осы жолы студенттер белгілі драматург Жолтай Жұматтың «Мұңмен алысқан адам» атты драмасына тоқталған. Бұл туынды туған жерге деген махаббат жайында.
Сюжетте тағдырдың тәлкегімен ХХ ғасырдың 30-шы жылдары шетел асқан қазақ баласының сағынышы баяндалады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16126/)