Қор нарығында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеді. Көк қағаз 2 теңгеге қымбаттап, 480 теңге 58 тиынға теңесті. Еуро 474 теңге, ал рубль 8 теңге 25 тиын. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов рубльдің құбылуы теңгеге қысым көрсетіп жатқанын айтты. Елде алтын валюта қоры 2 млрд 400 млн долларға азайған. Қазір 32 млрд доллар. Қордағы қаражаттың азаюына Ұлттық банктің интервенция жүргізуі себеп.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қор нарығында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161274/)