Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен туристі іздестіріп жатыр.
28 жастағы тұрғын үш күн бұрын тауға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Алаңдаған туыстары Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, көмек сұраған. Айтуларынша, 17 шілде күні кешқұрым Данияр Көк жайлау бағытына жолға шыққан. Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінің мамандары түнгі 23.50-де жоғалған туристі іздеуге аттанды.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда тауға шыққан турист іздестіріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161335/)