Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51%-ға артты. Бұл туралы «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысында айтылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов: Еуро Одақ көп жылдар бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында 20,1 млрд долларды құрады. Сонымен қатар Премьер-Министр «Kaznedra» бірыңғай платформасы құрылатынын айтты. Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51%-ға артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/161366/)