Жапонияда коронавирус жұқтыру дерегі көбейді. Соңғы тәулікте вирус 150 мың адамнан табылған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Ел ковидтің жетінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Жапонияның 47 провинциясының 30-да омикронның тез тарайтын жаңа түрі тіркелген. Ел астанасы Токиода 20 мыңнан астам тұрғыннан ковид анықталды. Эпидахуалдың нашарлағанына қарамастан билік әзірге адамдардың жүріс-тұрысы шектелмейтінін мәлімдеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда бір тәулікте 150 мың адам коронавирус жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161426/)