Cловенияда алапат орман өртіне байланысты үш бірдей ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.
От 2 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Осының әсерінен Бірінші дүниежүзілік соғысынан бері жерде жатқан оқ-дәрілер жарылып жатыр.
Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл соңғы 30 жылдағы ең алапат өрт. Словениялықтарға тілсіз жаумен күреске көршілес мемлекеттің мамандары көмектесіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Cловенияда алапат өрттен оқ-дәрілер жарылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161463/)