Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Мемлекет басшысына қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді. Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты. Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: Инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейту қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161467/)