![Орал Мұхамеджановты еске алу кеші өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77589.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бәріміз бұл өмірдің қонағымыз. Біріміз кеш, екіншіміз дүниеден ерте өтеміз. Алайда, еліне әлі талай еңбегі сіңетін ерлеріміз беймезгіл ажал құшқанда, әттеген-ай деп қаламыз. Сондай айтулы азаматтардың бірі - Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов еді.
Жоғары мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарды. Елбасының сенімді серігі болды. Тау тұлға көзі тірі болғанда биыл 66 жасқа толар еді. Бүгін марқұмды туған-туыстары, ет жақындары, үзеңгілестері мен қызметтес әріптестері еске алды.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орал Мұхамеджановты еске алу кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16149/)